КӘСІПТІК БАҒДАР: "МАМАНДЫҒЫМ - МАҚТАНЫШЫМ"

КӘСІПТІК БАҒДАР: "МАМАНДЫҒЫМ - МАҚТАНЫШЫМ"

  Бүгін Отырар ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебі" КММ-де кәсіптік бағдар беру педагогы А.Пернебаеваның ұйымдастыруымен "Мамандығым - мақтанышым" тақырыбында "Д.Құрманбек атындағы №20 колледж мамандары, тіс дәрігері, ауылдық емхана мамандарымен кездесу кеші өтті.
Мақсаты:
Оқушыларға мамандық таңдау, оның адам өмірінде алатын орны, маңызы туралы түсініктерін қалыптастыру;
✓ бұрынғы бітіріп кеткен түлектердің жақсы қасиеттерін, озық қабілеттерін кейінгіге үлгі ету;
Кеш барысында "Ұшқыр ой" дебат үйірмесінің оқушыларының қатысуымен "Біз таңдаған мамандық" тақырыбында дебат өтті. Дебат барысында оқушыларға мамандықтардың түрлері, әр түрлі оқу орындары туралы мағлұмат бере отырып, маман иелері мен түлектер өз ойларын ортаға салып, таңдаған мамандықтары туралы пікірлерімен бөлісті.