ХАЛЫҚ ӘРТІСІ АЛТЫНБЕК ҚОРАЗБАЕВ 75 ЖАСТА
Бүгін П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебінде М.Шойманов ауылдық клуб меңгерушісінің ұйымдастыруымен Қазақстан халық әртісі, әнші, сазгер Алтынбек Қоразбаев ағамыздың 75 жас Мерей Тойына арналған "Сағындырған әндер-ай" атты концерт өткізілді.Ауыл өнерпаздары Ақан Тұрсынбеков, Кенжебаева Мырзакүл, Маликова Ұлжан,Қосалиев Еділбек және ауыл әжелерінен құралған "Әжелер" ансамблі өнер көрсетті.
Мәдени іс-шараны Еркебұлан Әзімханов керемет жүргізіп отырды.Шымкент саз колледжінің студенті Сунақбай Айзат керемет даусымен Алтынбек ағамыздың әнін шырқады.Аудандық мәдениет сарайынан Ізетова Назгүл ханым келіп ауыл өнерпаздарына өз ризашылығын білдірді.
Сонымен қатар, "Қызғалдақ" би тобы мың бұралған билерімен, көрермен көзайымы болды.


