ШАХМАТ - АҚЫЛ-ОЙ СПОРТЫ
П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "Шахмат - ақыл-ой спорты" тақырыбында үйірме жетекшісі Н.Құдайбергеновтің ұйымдастыруымен шахматтан жарыс өтті.
Мақсаты: оқушылардың шахматқа деген қызығушылығын оятып, ойынға деген шеберлігін шыңдау, бос уақыттарын тиімді өткізуге, дұрыс бағыт беру және салауатты өмір салтын насихаттау.

