ЕЛ ӨРКЕНДЕУІНДЕГІ – ЕЛБАСЫ ЕҢБЕГІ
П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебінде 1 Желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің аға ғылыми қызметкері А.Таубек «Ел өркендеуіндегі – Елбасы еңбегі» тақырыбында дәріс оқып, оқушыларға Елбасы жайлы бейнеролик ұсынды.
Тәуелсіз Қазақстанның сара жолы – ата-бабалар арманының орындалуы мен күрделі стратегиялық міндеттерді жүзеге асырудың көрінісі. Бұл – халық пен Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың ірі жеңістерге жетудегі қажырлы, жемісті тарихы.
Іс-шараға оқушылар белсене қатысып, өз ой-пікірлерін ортаға салды.

