П.Айтменов атындағы негізі орта мектебінде "Отырар мемлекеттік архиологиялық қорық-музейі" РМҚК-нің тарихи ескерткіштерді қорғау бөлімінің бас инспекторы Шохаев Қуаныш Абдіқалиұлы мен "Өлкетану" үйірмесінің жетекшісі А.Мұхатованың ұйымдастыруымен "Арыстан баб кесенесі" тақырыбында "Өлкетану" үйірмесіне қатысатын оқушыларға арнайы ашық сабақ өтті.
Мақсаты: оқушыларға туған өлкенің тарихын зерттеуге тарихи-мәдени ескерткіштер мен жергілікті ауқымдағы мәдени орындар туралы мәлімет беру. Туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Тарихи орындарды қадірлеп, қорғай білуге тәрбиелеу.
