"АДАЛ БОЛҒЫН, БІЛ, АДАЛДЫҚ-КИЕЛІ"
Кезекті жалпыреспубликалық «Адалдық сағаты» науқанында Ж.Баласағұнның «Адал болғын, біл, адалдық-киелі» тақырыбындағы мемлекеттік және ресми тілде тиісті бейне-дәрістер әзірленді.
Осыған орай, П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебінің 4А-сынып жетекшісі М.Танаш адалдық сағатын өтті.
Адалдық сағатының негізгі мақсаты - арнайы әзірленген бейнероликтерді көрсете отырып, өскелең ұрпаққа адалдық және парасаттылық құндылықтары, сыбайлас жемқорлықтың теріс салдарлары, олардың алдын алу бойынша еліміздің жеткен жетістіктері кеңінен түсіндіру, қоғамда сенім атмосферасын құру.

