П.Айтменов атындағы негізі орта мектебінде жаңа оқу жылының қыркүйек айының бірінші онкүндігі "Отбасы тәрбиесіне" байланысты "Жас шеберлер" Жас суретшілер" үйірмелерінің қатысушылары арасында "Әкем, анам және мен" атты сурет салу байқауы қашықтықтан өткізілді.
Байқаудың мақсаты: отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым - қатынасты қалыптастыру.
Үлкенді сыйлауға, кішіге қамқорлық жасауға, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу.
Баланың жан - жақты өз елінің, халқының қамын ойлайтын, ата - анасын, жора - жолдасын сыйлай білетін, азамат тәрбиелеумен қатар, ұлттық тәрбиені насихаттау. Байқауға қатысып, үздік нәтиже көрсеткен оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.

