Тәуелсіздік мерекесіне орай мектебіміздің тарих пәні мұғалімі Бишораева Жанар оқушылармен "Тәуелсіздік- тұғырым" тақырыбында танымдық іс-шара өткізді.

 Бүгін П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебінде Тәуелсіздік мерекесіне орай мектебіміздің тарих пәні мұғалімі Бишораева Жанар оқушылармен "Тәуелсіздік- тұғырым" тақырыбында танымдық іс-шара өткізді. Іс-шара барысында мемлекетіміздің Тәуелсіздік жолындағы тарихы айтылып, бейнесюжет көрсетілді. Оқушылармен "Тұлғаны танисың ба?" танымдық ойынын ұйымдастырып, Қаз дауысты Қазыбек би, Алаш ардақтылары Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, Кеңес Одағының батыр қыздары Ә.Молдағұлова мен М.Мәметова тұлғаларын оқушылар сомдап, тарихтың тереңінен сыр шертті.

 Танымдық шарада оқушылардың қазақ халқының біртуар перзенттерін шебер сомдауы оқушылар мен мұғалімдерді тәнті етті. Еліміздің болашағы, тәуелсіздігімізді нық ұстар болашақтарымыздың ел тәуелсіздігінің маңызын терең сезініп, түсінуі болашағымыздың жарқын болатындығына сенім ұялатады. Еліміздің ең ұлық мерекесі Тәуелсіздік күні құтты болсын!
319998990 948984049818992 4043357719364722927 n
319978235 1187411988549585 3179473901075463476 n
319860311 1255026181725795 931347552629467844 n