"АЯУЛЫ КҮЗ - АЛТЫН КҮЗ" САЙЫСЫ ӨТТІ
Бүгін Отырар ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "Аяулы күз - алтын күз" сайысы өтті.
Мақсаты: Оқушылардың тапқырлығын, шеберлігін бақылау. Күз айлары туралы білетіндерін ортаға сала отырып, оқушылардың сайысқа деген қызығушылығын, ынтасын арттыру.
Сайысқа 7-9 сынып оқушылары қатысып, өз өнерлерін ортаға салып оқушылар мен ұстаздарды өз өнерлерімен таң қалдырды.
Сайысқа қатысқан оқушыларымыз мектеп директорының мақтау қағаздарымен марапатталды.




