БІЗДІҢ МАҚТАНЫШЫМЫЗ
2022 жылғы қараша айының 3-5 күндері аралығында Тараз қаласындағы М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің базасында жас тарихшылардың «Менің кіші Отаным» атты V республикалық зияткерлік конурсында Түркістан облысы атынан мектебіміздің 9-сынып оқушысы Қалдыбай Нұрали қатысып, жеңіспен оралды.
Осыған орай, мектепте арнайы жиын ұйымдастырылып жүлделі 3-орын алған 9-сынып оқушысы Қалдыбай Нұралиді және жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі Бишораева Жанар апайды мектеп директоры А.Шарипов арнайы құттықтап, мектеп ұжымы атынан алғыс білдірді. Жиын барысында Қалдыбай Нұралиге Оқу-ағару министрі А.Аймағамбетовтің арнайы 3-дәрежелі дипломы мен «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры А.Унайбековтің сертификаты құрметпен табысталды.

