"ОТАНЫМ - ҚАСИЕТТІ ТУҒАН ЖЕРІМ" ТАҚЫРЫБЫНДА ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫС САБАҒЫ ӨТТІ
Отырар ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебінде 25 қазан Республика күніне орай 5-сынып жетекшісі Р.Жұмабаев "Отаным - қасиетті туған жерім" тақырыбында зияткерлік сайыс сабағын өтті.
Мақсаты: Оқушыларды өз Отанын сүюге, туған халқының асыл мұрасын қастерлейтін парасатты, ұлтжанды, бәсекеге қабілетті, адамгершілігі мол саналы азамат болуға тәрбиелеу.

