Бүгін П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебінде 2022 жылдың 17 маусым күні мектеп жанындағы "Балауса" жазғы сауықтыру алаңының жабылу салтанаты өтті. Сауықтыру алаңының жұмысы балаларды сауықтыру мен жақсы көңіл-күй сыйлаумен өтті. Сауықтыру алаңының жабылуы мерекелік концертпен аяқталды. Аталмыш іс-шарада балалар әсем ән айтып, би билеп, өлең шумақтарын жатқа мәнерлеп айтып, бірнеше ойындар ойнатылды. Балаларға сыйлықтар беріліп және мақтау қағаздармен марапатталды.

