"ТОЛАҒАЙ" СПОРТТЫҚ ЖАРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

"ТОЛАҒАЙ" СПОРТТЫҚ ЖАРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

  Отырар ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебінде 2022 жыл - Балалар жылына орай, дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері С.Масанов пен Н.Кудайбергеновтің ұйымдастыруымен "Балауса" жазғы сауықтыру алаңының қатысушылары арасында "Толағай" спорттық жарысы өткізілді.
Мақсаты: Оқушылардың жазғы демалыс кезіндегі бос уақытын тиімді ұйымдастыру. Төзімділік, жылдамдық, ептілік деңгейін дамыта отырып, дененің жалпы даму сапасының артуына, ойын кезінде әділдікке, жолдастық сезімге, ойынды жетілдіруге тәрбиелеу.
Жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.
284951556 2921521011474093 3540012043067829110 n284989245 2921520878140773 3391402070635530389 n