БАЛА ШАҚТАН - БОЛАШАҚҚА

БАЛА ШАҚТАН - БОЛАШАҚҚА

  Отырар ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебінде 4А, 4Ә-сыныптарының жетекшілері: Т.Ташпенова мен М.Танаштың ұйымдастыруымен "Бала шақтан - болашаққа" тақырыбында бастауышпен қоштасу іс-шарасы өтті.
Мақсаты:
  Білімнің сара жолы бастауышта басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қалатынына көз жеткізу. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт-сапар тілеу.
Білім ордасы – мектепті, ұстаздарын, ата-анасын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру.
4-сынып оқушылары бастауышпен қоштасу шарасында өздерінің жүрекжарды жырлар мен ән-билерін ата -аналар мен ұстаздарға ұсынды. Даярлық топтан бастап, 4 сынып аралығында білім алған кездері мен қызықты шақтарын естеріне түсіріп, баяндады.
Ата-аналар мен ұстаздар да өз құттықтауларын балғын балаларға арнап, 5-сыныпқа басатын қадамдарына сәттілік тіледі.
283004579 2914208678871993 3303566431651845389 n
283062639 2914221712204023 3677255370715757341 n
283012656 2914207698872091 8717068705242149858 n