ЕРТЕГІЛЕР ЕЛІНЕ САЯХАТ ТАҚЫРЫБЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ
Бүгін мектебімізде мектеп кітапханашысы мен бастауыш сынып жетекшісі М.Шамшатованың ұйымдастыруымен 4-сынып оқушылары арасында «Оқуға құштар мектеп» республикалық жобасы аясында «Ертегілер еліне саяхат» тақырыбында жылдық жұмыс жоспарға сәйкес жас оқырмандар байқауы өткізілді.
Мақсаты:Оқушылардың халық ауыз әдебиеті, оның ішінде ертегілер туралы білімдерін тереңдету;ертегілерді сахналау барысында кейіпкерлердің мінез - құлқын жеткізе білуге, сөз мәнерін, қимыл - қозғалысын келтіріп ойнауға үйрету.Көркем әдебиетке деген қызығушылықтарын арттыра түсу.Оқушылардың бойындағы шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Ұқыптылыққа, жауапкершілікке, жақсыдан үйреніп, жаманнан жирене білуге тәрбиелеу.
Байқаудың алғашқы бөлімінде оқушылар топқа бөлініп, өздерін таныстырып өтті. Келесі бөлімдерде өздері оқыған ертегі түрлерін анықтап, оқылған үзінді бойынша ертегіні тапты. Сонымен қатар мақал-мәтелдер жаттап, сурет бойынша ертегілерді тауып, жарыса айтты. Оқырмандар оқыған ертегілерінің маңызын түсіне білді.Байқау соңында оқырмандар
"Алтын сақа" ертегісінің желісі бойынша көрініс көрсетіп, өздерінің ойларымен бөлісті.


