Бүгін П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебінде "Қызықты математика" үйірмесінің жетекшісі Г.Жолтайдың ұйымдастыруымен "Уақыт. Уақыттың өлшем бірліктері" тақырыбында сайыс сабағы өтті.
Мақсаты: Оқушылардың математикалық білімдерін логикалық тапсырмалар орындау арқылы дамыту. Түрлі тапсырмалар арқылы жылдам есептеуге үйрету.
Сабақ барысында оқушылар "Ойна да ойла", "Карта", "Тілек тамшылары" әдістері арқылы тапсырмалар орындады. Логикалық есептер шешті. Нейро жаттығу және шарлармен сергіту сәтін жасады. "Ғажайып кітап" рефлексия жасау арқылы білімдерін қорытындылады.


