«ҰЛЫ ЕРЛІК ШЕЖІРЕСІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ТӘРБИЕ САҒАТЫ ӨТТІ
Бүгін П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебінде 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр - Жеңіс күніне орай, мектеп оқушыларының қатысуымен "Ұлы ерлік шежіресі" атты тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты: Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің құрылуы, оның Отанымыздың бейбітшілігін сақтаудағы маңызы жайлы, әскери өнердің өзіндік ерекшелігі туралы, егемендігімізді күзетуде олардың маңызы жайлы терең мағлұмат беру, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу, патриотизм сезіміне тәрбиелеу.