«ЕРКІН ЕЛ ҰРПАҒЫ» АТТЫ ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ПАТРИОТТЫҚ ДИКТАНТ ӨТТІ.
Бүгін П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебінде мамыр айындағы мерекелер мен Жеңіс күні қарсаңында «Еркін ел ұрпағы» атты жалпыұлттық патриоттық диктант өтті.
Мақсат — ел егемендігі мен Тәуелсіздігін дәріптеу, ұлттық құндылықтар мен қасиеттерді бойына сіңірген ұрпақ тәрбиелеу. Сондай-ақ, мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтау және сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру.

