2 СӘУІР - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАР КІТАБЫ КҮНІ
Мұның басты мақсаты – әлем балаларын әдебиетке жақын болуға шақыру, кітап оқуға үндеу, адам өмірінде кітаптың алар орны ерекше екенін түсіндіру, «Кітап – білім бұлағы, ал білім – өмір шырағы» екенін жеткізу.
Осыған орай, П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебінің кітапханасында оқушылармен және ұйымдастырушы педагог С.Арапбай мен 9-сынып жетекшісі А.Пернебаеваның ұйымдастыруымен "Кітап - сарқылмас қазына" атты дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара барысында оқушылар өздерінің оқыған кітаптарынан қызықты оқиғаларды баяндап, талқылады.

